Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Ақтау-Жетібай тасжолының 35 шақырымында болған.
Lada.kz сайты оқиға 12 тамыз күні сағат 20:20 шамасында болғанын жазды. Ақтау маңында 1995 жылы шығарылған Nissan Maxima көлігінен өртеніп, жарылып кетті.
Өртті сөндіруге жеке құрамның бір техникасы мен бес адамы жұмылдырылды. Сағат 20:58-де толықтай сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.