Атырау облысында 11 жастағы оқушы суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқушы суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті

фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылындағы Шароновка өзеніне 11 жастағы оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше қайғылы оқиға 13 тамызда сағат 13:50 шамасында болған.

"14 тамызда сағат 7:45-те 2011 жылы туған қыздың мәйітін жергілікті тұрғындар судан алып шықты",- деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тегтер: