БҰҰ: Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Йемен әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі

фото: aa.com.tr

Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының баяндамасында осындай деректер келтірілген. Бұл туралы Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баяндамада 28 шілде мен 10 тамыз аралығында 35 мың адам су тасқынынан зардап шеккені және олардың көбі өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны көрсетілген.

Йеменнің 16 провинциясындағы 85 ауданда толассыз жаңбыр жауған. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы елде 20-тамызға дейін жаңбыр жаууы мүмкіндігін хабарлады.

Тегтер: