Әкесі отбасында шу шығарған ұлының үстінен арыз жазбақшы
Қарағандыда полицейлер 6-қабаттан секірмекші болған азаматты құтқарды. Ол әкесімен жанжалжасқан соң суицид жасамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қарағанды қаласында егде жастағы ер адам полицияға хабарласып, көмек сұрады. Патрульдік полиция жасағы шақыртуға келгенде алтыншы қабаттағы дәліздің терезесіне шығып алған ер адамды байқаған.
«Полицейлер бірден жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарлады. Тәртіп сақшыларының бірі ер адамды сөзге тартып, мұндай қадамға бармауға көндіріп, ішке кіргізген», - деп көрсетті Қарағанды қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарылған ер адамға медицина қызметкерлері психологиялық көмек көрсетті.