«Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық елге оралды
ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазақстандықтарды террорлық белсенді аймақтардан шығару бойынша «Жусан» операциясының барлық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Біз қақтығыс жүріп жатқан аймақтарда жүрген азаматтарымыз бойынша тиісті жұмыстар жүргіземіз. Олар бойынша толық ақпарат жоқ. Алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Білісбеков.
Естеріңізге сала кетсек, «Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық елге оралды. Олардың 406-сы балалар.