Атырауда жүкті әйелдің өлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда ауруханада көз жұмған жүкті әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«1990 жылы туған жүкті әйелдің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша жүргізіледі», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, Атырауда облыстық ауруханасында түсік тастаған әйел қайтыс болған еді. Үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан әйелдің артына екі кішкентай баласы қалды.