Бүгі Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты отырысы өтіп жатыр
Бақытгүл Хаменованың адвокатыбұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Ол осы іс бойынша қалған екі айыпталушының да үйқамақта отырғанын алға тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокуратура өкілінің сөзінен кейін сөз адвокаттарға берілді.
Бақытгүл Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев соттан қорғауындағы айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Ол осы іс бойынша қалған екі айыпталушының үйқамаққа алынғанын алға тартты.
Сондай-ақ адвокат соттан сотталушының және оның анасының денсаулық жағдайын, кәмелетке толмаған балаларының бар-жоғын ескеруді сұрады.
Қалған айыпталушылардың адвокаттары бұл өтінішті қолдады. Қалған айыпталушылар тарапынан өтінішхатты байланысты талаптар болған жоқ. Сот отырысында айыптаушы тараптың атынан сөз алған Атырау облысы прокуратурасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Лаура Асанова соттан өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сот адвокаттың өтініші бойынша шешімін әлі жариялаған жоқ.
Еске салсақ, бүгін, яғни 11 тамызда Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты отырысы өтіп жатыр. Ол бұған дейін өзіне тағылған айыптарлы мойындамаған болатын. Б. Хаменованың ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.