Ол бүгінге дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болып Дархан Жөргекбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Дархан Шомпайұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы, Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.