Ақтауда рұқсат етілмеген жерде суға түскен 11 жасар ұл мен қыз құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Балаларға медициналық көмек қажет болмаған

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда рұқсат етілмеген жерде суға түскен 11 жасар ұл мен қызды құтқарушылар аман алып қалды. Бұл туралы МАңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 9 тамыз кешкі мезгілде болған.

«Ақтау қаласы Каспий теңізінің 4 «а» шағын ауданы маңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2011 жылы туған ұл мен қыз баланы судан құтқарып қалды. Олар тыйым салынған жерде шомылып жүрген», - делінген хабарламада.

Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.