Маңғыстауда ұйықтап жатқан ер адамды қылқындырып, тонап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жанармай құю бекетінде ер адамды қылқындырып, тонап кеткен екеудің қылмысы камераға түсіп қалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнеудегі жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кеткен. Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған.

Ұйықтап жатқан азаматтың қол сөмкесін ашықтан-ашық ұрлаған 2 жігіт оқиға орнынан бой тасалаған.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, күдіктілерді ұстады. Аталған факт бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп бастады», - делінген хабарламада.

Оқиға 7 тамыз күні таңертеңгі мезгілде болған.