Ұзынағаштағы атыс: 4 адамға іздеу жарияланды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Атыстан бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жаппай төбелеске қатысып, қару қолданған жігіттер әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысы полиция департаменті мына адамдарға іздеу салады:

  • Қозыбаев Ғани Мұратұлы, 03.11.1991 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтарымен (адам өлтіру ), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша;
  • Асқар Жаныбекұлы Тыныштықов, 05.09.1992 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтарымен (адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
  • Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов, 01.01.1992 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша;
  • Нұрсұлтан Бақтиярулы Аукенов, 25.11.1992 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестіріліп жатыр.

«Назар аударыңыз! Іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамдарға мына телефондар бойынша хабарлауыңызды сұраймын: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Еске салайық, 4 тамызда Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алды.