Оқиға орнына тәртіп сақшылары да келді
Ұлттық ұлан жауынгерлері Есіл өзеніне батып бара жатқан астана тұрғынын құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Оралбек Жиенбай, Нұрбол Тілеубек және Ерболат Қанатбек елордадағы Ататүрік саябағындағы Есіл жағалауында қызмет атқарып жүрген.
Сол кезде өзенде қолын сермеп, тұншығып жатқан адамды көріп, жедел көмекке асықты.
Алдымен қатардағы Оралбек Жиенбай суға секіреді. Оның артынша патрульдік топ бастығы кіші сержант Айбат Есіркеп те өзенге сүңгіді.
Екеуі суға батып бара жатқан 1978 жылғы Н. есімді азаматты судан шығарып алады.
Оқиға орнына тәртіп сақшылары да келді. Тұрғынның не себепті осы жерде суға түскенін құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр.