Тонаумен айналысқан азаматты полицейлер қолға түсірді
Екібастұз қаласында зираттың темір қоршауларын тонаумен айналысқан жас жігіт ұсталды. Ол темір қоршауларды металл қабылдау бекетіне тапсырып, пайда тауып жүрген. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер қала сыртындағы жолдарды патрульдеу кезінде "ВАЗ" маркалы көлікті тоқтатқан. Рөлде 23 жастағы қала тұрғыны болған. Көліктің жүк салғышынан металл қоршаулар тәркіленді.
Көлік жүргізуші темір қоршауды зираттан ұрлағанын мойындады. Оны металл қабылдау пунктіне тапсырып, ақша тапқысы келген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.