$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жезқазғанда  скутер тепкен ер адам автобуспен соқтығысып мерт болды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр

Жезқазғанда  скутер тепкен ер адам автобуспен соқтығысып мерт болды
Фото ашық дереккөзден

Жезқазғанда скутер тепкен ер адам жолаушылар автобусымен соқтығысып, көлік дөңгелегінің астында қалып қойған. Ол оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің хабарлауынша, жазатайым оқиға бүгін, 9 тамыз таңғы сағат 8.00 шамасында болған.

Жезқазған қаласының полициясына Жастар көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

«44 жастағы Racer маркалы скутер жүргізушісі Жастар көшесі бойындағы №14 үйдің жанынан шығып, 41 жастағы ер адамның басқаруындағы автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары