Күдікті өз кінәсін толық мойындады
Шымкент қаласының тұрғыны танысын «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігін алып беремін деп сендіріп, 4 млн теңгесін алдап алып кеткен. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ірі көлемді қаржысынан айырылып қалғаны жөнінде арызданды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған жайт ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады», - деді Шымкент қаласы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева.