Үкімет «Зерде» холдингін жабу туралы қаулы шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Холдингті жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін «Зерде» холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылған еді. Ал  2016-2021 жылдар аралығындағы холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жеткен.