Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілеріне ұқсас тағы бір ұйым анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады

Фото ашық дереккөзден

ҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың қаражатын тарта отырып, «BINCLOUD» қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды.

«BINCLOUD» бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.

Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.

Егер сіз «BINCLOUD» бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.