«Жауаптылар жазалансын!»: Павлодар ауруханасында үш ай бойы нақты диагноз қойылмаған нәресте қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршіннің ата-анасының ойынша, дәрігерлер баланы құтқара алар еді

Фото ашық дереккөзден

Ата-анасы дәрігерлер емдегісі келмейді деп шағымданған сәби Павлодар облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Баланың әкесі айтқандай, трахеостомия орнату операциясынан кейін оның жағдайы нашарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәбидің әкесі Василий Алавацкийдің айтуынша, баласы қайтыс болғаны туралы отбасына 5 тамызға қараған түні хабарланған.

"Менің ұлыма трахеостомия орнату операциясы жасалды, содан кейін ол қозғалмай қалды, көзі жұмылып жатты. Бізге оның комаға түскенін айтты, бірақ бұл операцияға байланысты екенін мойындамады, олар мұны ол аппаратқа қосылуымен түсіндірді", - деді баланың әкесі.

Бүлдіршіннің ата-анасының ойынша, дәрігерлер баланы құтқара алар еді.

"Біз Мәскеуде өз қаражатымызға толық экзомалық ДНҚ секвенирлеуін жасадық, анализ құны жарты миллионнан асады, бірақ дәрігерлер бұл туралы үнсіз қалды, мұны істеу керек деп айтпады. Біз бұл туралы кездейсоқ білдік. Нәтижесі бір айдан кейін шығады. Үш ай бойы ұлыма нақты диагноз қоя алмады. Қоймады да. Бізге оны емдеудің мәні жоғын ашық айтты. Енді баламызды қайтара алмаймыз, бірақ жауаптылар жазалануын талап етеміз", - деді Алавацкий.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы сәбидің өлімі туралы ақпаратты растады.

"Иә, бала қайтыс болды. Өлім себебін анықтау үшін анықтама аламыз", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, шала туған баланың ата-анасы бір апта бойы дәрігерлерден ұлының жағдайы туралы біле алмай, павлодарлық дәрігерлерге шағымданған еді. Олар дәрігерлер оны емдегісі келмейді деп мәлімдеген. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы облыстық балалар ауруханасында бала толық көлемде ем алады деп жауап берген. БАҚ-тағы хабарламалардан кейін әкесі мен анасы ұлына жіберілген. Алайда, сол сәтте баланың жағдайы ауыр еді.