Қазір бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Шымкентте ойнап жүрген 9 жасар баланы ток соғып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД-ның Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 6 тамызда орын алды. Бұл жайсыз жайт туралы хабарлама "103" шұғыл байланыс желісіне сағат 9:25-те келіп түсті.
Тоғыз жасар бала көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген. Анасының айтуынша, бала электрмен жабдықтау қондырғысының қақпағын ашып, ток соғып, есінен танып қалған.
«Балаға "бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр" деген диагноз қойылды. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.