Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

ФИДЕ Бибісараны Азияның үздік шахматшысы деп таныды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады. Бұл туралы БортN1 телеграмм арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі», - делінген хабарламада.