Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның ең үздік шахматшысы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүлдені 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд табыс етті

facebook.com

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның 2021 жылдағы ең үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы өзінің Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. 15-шi шахматтан әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған «Азияның үздік шахматшысы - 2021 жылғы» сыйлығын табыстады. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет!» - деп жазды ол.

Айта кетейік, Үндістанның Ченнай қаласында Шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Кеше жарыста қазақстандықтар кезекті жеңісіне жеткен болатын.