Жоба бойынша мұнда жарық та, кәріз жүйесі де, асфаль та болуы керек еді, алайда бәрі қағаз жүзінде қалды дейді тұрғындар
Атыраудағы Жұлдыз ықшам ауданының үйлерін жаңбыр суы басып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Себебі ол аумақтағы жер халық игілігіне берілер кезде инфрақұрылымы толық ескерілмеген. Кәріз жүйесімен кетуі тиіс лас су жерге сіңбей, халықты әбден әбігерге салады.
Ал шаhардың сол жағалауындағы Кәріз тазарту кешенінің құрылысы жақында ғана аяқталды. Бірақ жауаптылар онымен мәселе шешілмейді,- дейді. 10 жыл бұрын басталған нысанға бірінен соң бірі ауысқан өңір басшылары қыруар қаржы жұмсаған еді.