ТЖД мамандарының айтуынша суға кеткен жігіт құтқару жилетін кимеген
Петропавлда катамараннан құлаған 25 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1997 жылы туған жігіт Петропавлдағы «Пестрое» көлінде таныстарымен бірге катамаранмен серуендеп жүргенде суға құлап кеткен.
«Көлдің тереңдігі 3 метрдей. Бастапқыда оның қасында болған жігіттер өздері судан алып шықпақ болған. Алайда ол нәтиже бермеді. Құтқарушылар көмекке келіп, судан алып шыққан. Бірден реанимациялық іс-шаралар жасалғанымен құтқару мүмкін болмады », - деді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Мұратов.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, суға кеткен жігіттің құтқару жилеті болмаған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.