Өткен тәулікте елімізде 2579 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында аурудың таралу қарқыны жоғары

Reuters

Қазақстанда 4 тамыз күні 2 579 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Елімізде пандемия басталғалы бері КВИ 1 362 647 адамға жұққан.

  • Нұр-Сұлтан – 733,
  • Алматы – 430,
  • Шымкент – 29,
  • Ақмола облысы – 104,
  • Ақтөбе облысы – 52,
  • Алматы облысы – 50,
  • Жетісу облысы - 100,
  • Атырау облысы – 46,
  • ШҚО – 21,
  • Абай облысы – 38,
  • Жамбыл облысы – 53,
  • БҚО – 112,
  • Қарағанды облысы – 375,
  • Ұлытау облысы – 80,
  • Қостанай облысы – 93,
  • Қызылорда облысы – 42,
  • Маңғыстау облысы – 52,
  • Павлодар облысы – 95,
  • СҚО – 58,
  • Түркістан облысы – 16.