ШҚО-да зейнеткердің 3,5 млн теңгесін ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото: ru.freepik.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының полиция бөліміне Предгорное ауылының тұрғыны хабарласып, қомақты қаржысының ұрланғанына шағымданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

72 жастағы зейнеткер танысы сейфтің құлпын бұзып, 3 миллион 500 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтқан.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйіне босатылды. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп көрсетті ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.