7 жасар бала 2 тамыз күні суға батып кеткен болатын
БҚО-да суға батып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Теректі ауданының Ақжайық ауылында болды. Сол күні 35 жастағы ер адам мен оның жеті жастағы жиені өзенге батып кетті. Ересек адамның денесі сол күні табылған болатын.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 13:52-де құтқарушылар баланың денесін тапқан.