Олар қаладағы монша мен пәтерлердің бірінде ойынхана ұйымдастырған
Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңсыз ойынхана ұйымдастырғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде заңсыз ойынхана ұйымдастырған.
«Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекеттері әшкереленді. Сот үкімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.