Әлеуметтік желіде Mazda көлігінің жартастан ұшып кеткен видеосы жарияланды
Алматыда жеңіл көлік жарға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, видеодағы жол апаты 2 тамызда сағат 13:30 шамасында «Түп-Кеген-Көкпек» тас жолының 12-шақырымында болған.
52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі рөлге ие алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен. Жол-көлік оқиғасынына қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.