Көмірдің 1 тоннасы 11800 мың теңгеге бағаланған
Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындарын көмір 1 қыркүйекке дейін ғана әлеуметтік бағамен сатылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарын көмірмен қамтамасыз ету үшін үшжақты меморандум жасалды.
«Әлеуметтік көмірдің бағасы нарықтық бағадан 500 теңгеге төмен және 11300 мың теңгені құрайды. Әзірге көмір қымбаттаған жоқ. Тұйық көшелерде кезек болдырмау үшін тұрғындардан алдағы жылыту маусымына көмірді алдын ала сатып алуды сұраймыз», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.