Елімізде коммуналдық нысандарға қойылатын санитарлық талаптар бекітілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

фото: www.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңа санитариялық қағидалар:

коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын;

қонақүй қызметін көрсететін объектілерге, моншалар мен сауналарға, шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын;

кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын;

халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын;

спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне қойылатын;

жаппай демалу орындарына, қоғамдық дәретханаларға қойылатын;

шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.