Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы ауыр
Шымкентте 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 2 жастағы бүлдіршін екінші қабаттан құлап кетті. Қазір ол ауруханада жатыр, дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтты.