Елімізде коронавирустан бір тәулікте 2 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 8 адам аса ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда елімізде 27 747 адам КВИ-ден емделіп жатыр. Олардың 27 498-нен коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталса, қалған 249-да аурудың симптомдары ғана бар.

Стационарда 1 505 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың:

  • 32 науқас ауыр халде
  • 8 науқас аса ауыр халде
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған

Айта кетейік, 2 тамызда Қазақстанда 2661 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды.