Қазақстанда өткен тәулікте 2661 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ірі қалаларда инфекцияның тарау қарқыны жоғары

Фото ашық дереккөзден

2 тамызда COVID-19 инфекциясы ПТР-тест арқылы расталған қазақстандықтардың саны 2661 адамды құрады деп хабарлайды коронавирусты болдырмау жөніндегі ВАК.

Инфекция жұқтырғандардың көшін Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары бастап тұр.

  • Нұр-Сұлтан – 949;
  • Алматы – 446;
  • Шымкент – 51;
  • Ақмола облысы – 101;
  • Ақтөбе облысы – 70;
  • Алматы облысы – 77;
  • Жетісу облысы – 57;
  • Атырау облысы – 44;
  • ШҚО – 28;
  • Абай облысы – 41;
  • Жамбыл облысы – 25;
  • БҚО – 98;
  • Қарағанды облысы – 344;
  • Ұлытау облысы – 8;
  • Қостанай облысы – 81;
  • Қызылорда облысы – 58;
  • Маңғыстау облысы – 47;
  • Павлодар облысы – 71;
  • СҚО – 46;
  • Түркістан облысы – 19.

Осылайша, елімізде пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 357 276 адамды құрады.