Сонымен қатар оның әлеуметтік желідегі парақшасы уақытша бұғатталды
Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны өзінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы Құран сүрелері мен заңсыз діни ағымдағы аудио жазбаларын жүктеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс бойынша заңсыз діни материалдардың таралуы және сатылуының алдын алу мақсатында мониторинг жүргізді.
Рейдтік іс-шара барысында азамат діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды желі арқылы таратқаны белгілі болды. Яғни ол ҚР-ның Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған.
Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаға 107 205 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, әлеуметтік желідегі парақшасы 3 айға бұғатталды.