Компания осындай жолмен тағам қалдықтарын азайтуды көздеп отыр
Британияда Waitrose супермаркет желісі жеміс-жидектің жарамдылық мерзімін көрсетпейтін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Waitrose супермаркет желісі қыркүйек айынан бастап жеміс-жидектің жарамдылық мерзімін көрсетпейді. Бұл туралы компания өзінің ресми сайтында хабарлаған.
«Біз тағамдардың жарамдылық мерзімін өшіру арқылы клиенттеріміз оны жеуге бола ма жоқ па екенін өздері шешкенін қалаймыз», - деді компания өкілі.
Агенттіктің дерегіне қарағанда бұған дейін Marks & Spencer және Tesco компаниялары осындай қадам жасаған.