Тікұшақта 6 әскери қызметші болған
Пәкістанда әскери тікұшақ жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Тікұшақта 6 әскери қызметші болған, олардың арасында генерал-лейтенант Сарфараз Али бар.
Пәкістан әскерінің мәлімдеуінше, әскери қызметшілер су басқан Белуджистан провинциясында көмек көрсету жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын тексеруге шыққан.
Одан кейін тікұшақ Карачиге қарай бет алғаны белгілі болды.
6 сағаттан астам уақыт бойы экипаж мүшелері байланысқа шықпағандықтан іздеу-құтқару шаралары басталды.
Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Твиттерінде бұл алаңдайтын жағдай екенін жазды.