«Үздік ғылыми қызметкер» конкурсының ережелері өзгеруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы бұйрықтың жобасы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды

фото: dknews.kz

«Үздік ғылыми қызметкер» конкурсына қатысу ережелері өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үздік ғылыми қызметкер» конкурсына қатысу үшін келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа ЖОО-ның немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық ғылыми қызметкерлері қатысады. Қатысушыдан қандай да бір қызмет орнында жұмыс істейтінін растайтын анықтама сұралмайды;

Бір мәрте аталған сыйлықты алған адам енді конкурсқа тек 10 жылдан кейін қатыса алады;

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері аталған конкурсқа он жыл ішінде қатыса алмайды;

Қатысушының ғылыми зерттеулері экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтау, мәдениет, елді басқару, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге және қоршаған ортаға пайдасы тиген болуы керек;

Кандидаттың құжаттарының толықтығын тексеру мерзімі алынып тасталады. Бұрын 10 күн ішінде құжаттардың толық әрі дәйекті болуы тексерілетін;

Комиссия мүшелері мүдделер қақтығысы болған жағдайда кандидаттың ғылыми жетістіктерін бағалау жұмыстарына қатыспайды;

Комиссияның жеңімпаз туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Берілген дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;

Үміткер жалған немесе дәлелденбеген мәлімет ұсынса, комиссия шешімімен ол келесі 3 жыл ішінде «Үздік ғылыми қызметкер» және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурстарына қатысуына тыйым салынады.

Бұйрық 15 тамызға дейін талқылауға шығарылды.