Қызылорда облысында газ бағасы арзандайды

Автор: Azattyq Rýhy

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтаратын болады

фото: ortalyq.kz

Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21% төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті тауарлық газды газ таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне 1000 м3 үшін қосылған құн салығынсыз 3 320,45 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекіткен. Оған дейінгі тариф 9 083,51 теңге.

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы онымен келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді. Сот талқылауларының нәтижесінде аталған бұйрық өзгеріссіз қалды.

«Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының сомасы 1,4 млрд. теңге негізсіз алынған кірісі тұтынушылардың барлық топтары үшін тарифті уақытша, оның ішінде, халық үшін тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін 21% шамасында төмендеуімен 2022 жылғы 1 тамыздан бастап енгізумен бір жыл мерзімге төмендету арқылы қайтарылатын болады», - деп көрсетті Табиғи монополияларды реттеу комитеті.