Сонымен қатар ол марқұмның туғандарына моральдық шығын өтеуге міндеттелді
Қарағандыда роуп-джампинг нұсқаушысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қарағандыда 30 метрлік ғимараттан секірген Евгения Леонтьеваның өліміне кінәлі деп танылған роуп-джампинг нұсқаушысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Александр Музникас марқұмның жақындарына 6 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
«Александр Музникас ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді», - деді судья Манат Жұмақаева.
Алайда Музникас өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Жақын күндері апелляциялық шағым дайындамақ. Тағылған айыпты абайсызда кісі өлтіру бабына өзгертуді сұрамақ.