Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов 31 шілде күні суға батып кеткен болатын
Атырау облысында суға батып кеткен аудан әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін кешкі уақытта Сарайшық ауылы маңында Жайық өзенінен Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишовтың денесі табылды.
«Атырау облысының әкімі мен әріптестері Ринат Бауыржанұлы Джанглишовтың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Естеріңізге саламыз, 31 шілдеде кешкі сағат 21:30 шамасында Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылында Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов Жайық өзенінде шомылып жүргенде суға батып кеткен болатын.