Оңтүстік облыстарда қуаңшылық бола ма? Синоптиктер тамыз айына болжам жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Тамыздың соңында республиканың басым аумағында күн салқындайды

Фото ашық дереккөзден

Ауа райын болжаушылар бұған дейін Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында тамыз айында жауын-шашынның аз түсуіне байланысты қуаңшылық қайталанады деп мәлімдеген болатын. «Қазгидромет» синоптиктері жаздың соңғы айы солтүстікқазақстандықтар үшін салқын әрі жауын-шашынды, оңтүстікте тұратындар үшін біршама ыстық және тұрақсыз болатынын тағы да болжады.

«Тамыз, жаз маусымын аяқтайды және ол елдің солтүстік өңірлеріндегі салыстырмалы салқын ауа райынан және Қазақстанның басым бөлігіндегі тұрақсыз ауа райынан басталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді», - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.

Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжануда.

Ал, тамыз айының соңында республиканың басым аумағында күн салқындайды. Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аязға дейін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.