Жезқазғанда бір топ адам көшеде есінен танып қалған әйелді тонап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар 4 адамды ұстады

фото: depositphotos.com

Жезқазғанда бір топ адам көшеде есінен танып, ес-түссіз жатқан әйелді тонап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жезқазған қаласының жедел жәрдем бригадасы 61 жастағы науқастың медициналық мекемеге жеткізілгені туралы полицияға хабарлаған.

«Әйел есін жиған соң, сөмкесінде 12 мың теңге мен ұялы телефон болғанын айтты. Ал дәрігерлер оқиға орнына келгенде ешқандай сөмке болмаған», - деп көрсетті Жезқазған қаласының Полиция басқармасы.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдемге қоңырау Қаныш Сәтпаев көшесі бойындағы үйлердің бірінен түскенін анықтады.

Көп ұзамай ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30-44 жас аралығындағы үш ер адам мен 36 жастағы әйел ұсталды. Олар жәбірленушінің сөмкесін алып, қашып кеткендерін мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: