14 пациенттің жағдайы өте ауыр
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирус жұқтырған науқастар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
30 шiлдедегi мәлімет бойынша, 25 396 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 1 527 пациент стационарда, 23 869 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 40 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», деп көрсетті Денсаулық сақтау министрлігі.