Бала ашық және жабық бас-ми жарақатын алған
Орал қаласында үстіне футбол қақпасы құлап кеткен 11 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болды.
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі – қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», - делінген хабарламада.