Елімізде бала күтімі бойынша жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бұл әлеуметтік жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін беріледі.

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс аясында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 1,5 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бала күтімі бойынша Әлеуметтік кодекс аясында қазір төлемдердің мерзімін 1,5 жылға дейін ұлғайту қарастырылып жатыр. Біздің міндетіміз – осы жүйенің, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайын ескере отырып, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдерді ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді  Нұрсұлу Кемел.

Бүгінде жұмыс істемейтін әйелдер бала тууына байланысты бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 38 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы алады. Бұл 110 мың теңгеден асады. Ал төртінші және одан да көп балаға 150 мың теңгеден жоғары төленеді. Бұл бір реттік төлем және табысына қарамастан барлық ата-анаға тағайындалады.