$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өткен жылы елімізде 3500-ге жуық ер адам декреттік демалыс алған

Бала күтімі бойынша төлемді ата-аналардың біреуі ғана ала алады

Өткен жылы елімізде 3500-ге жуық ер адам декреттік демалыс алған
Фото ашық дереккөзден

Өткен жылдың деректері бойынша 385 мың азаматқа бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер тағайындалды. Олардың 3,5 мыңға жуығы – бір жылға дейін бала күтімімен айналысуға шешім қабылдаған ер адамдар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Декреттік демалыс аламыз деген ер азаматтарға ешқандай тыйым салмаймыз. Алайда, бала күтімі бойынша төлемді ата-аналардың біреуі ғана ала алады», - дейді Нұрсұлу Кемел.

Оның сөзінше, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысушыға және бір жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын балаға төленеді. Ата-аналардың бірі, әке немесе ананың да құқығы бар, екеуіне де шектеу жоқ. Алайда, мұндай төлем баланың бір жылға дейінгі күтіміне байланысты табысын жоғалтқан ата-анаға төленеді. Егер жаңа туған баланың әкесі бұрын жұмыс істеп, қорға төлемдер жасаған болса, онда бұл жағдайда оның декреттік төлем алуға мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары