29.07.2022, 12:34
Жаңалықтар
Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізіледі
Қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында қызу талқыланып жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктер Қазақстанда өтетін сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатыса алмайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім шетелдіктердің еліміздегі дауыс беру процесіне ықпал етпеуі үшін қабылданды. Егер бұл өзгеріс қолдау тапса, аккредиттеуден сайлаумен бұрыннан айналысып келетін үкіметтік емес ұйымдар ғана өтеді.
«Сайлау процесіне тек кәсіби байқаушылар ғана қатысуы керек. Олар тиісті заңнаманы жетік меңгеруі тиіс. Өйткені олар бүкіл науқанның ережеге сай өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдіктер тарапынан бұл процесті қаржыландыруға немесе оған кедергі жасауға заңмен тыйым салынған. Саяси партиялардың құрамында да шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар кіргізілмейді», - деді Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының міндетін атқарушы Бауыржан Тұрғанбаев.
Айта кетерлігі, қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында қызу талқыланып жатыр. Оған 200-ден астам ұсыныс түсті.
Көп оқылған
31.08.2026, 13:20
Әткеншекке таласып, бір-бірін ұрып жыққан: Астанада екі әйелді полиция ұстады (ВИДЕО)
31.08.2026, 12:56
«Президенттің атынан өкілдік етіп, ұстанымын жеткізе алады»: Ерлан Қариннің негізгі міндеті белгілі болды
31.08.2026, 18:27
Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті
31.08.2026, 10:51
Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды
31.08.2026, 19:30
АҚШ араға бір ай салып, Иранға қайтадан соққы жасады