Air Astana компаниясы Fly Arystan рейсін кешіктіргені үшін айыппұл төлейді

Автор: Azattyq Rýhy

Компанияға осыған дейін екі мәрте айыппұл салынған болатын

5 маусымда Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan әуе тасымалдаушысының Алматы-Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіктірілді. Рейстің жолаушыларына күту кезінде 86-баптың 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда қонақ үйде тұру бойынша қызметтер ұсынылмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28 шілде күні авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) айыппұл салынды.

Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы 7 және 21 шілде күндері рейс кешіктірілген кезде жолаушылардың құқығы бұзылуына байланысты 1000 АЕК (3 000 063 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Жалпы алғанда, рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін Air Astana 9 млн 189 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.