Ауылдық квотамен білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі қысқарады

Автор: Azattyq Rýhy

Ал жұмыс істейтін өңірлер тізімін министрлік ұсынады

Фото ашық дереккөзден

Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта.

Сондай-ақ, бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары» , - деп көрсетілген қаулыда.

Тегтер: