Елімізде өткен тәулікте 3 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 3175 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 915,
Алматы қаласында - 767,
Шымкент қаласында – 127,
Ақмола облысында – 104,
Ақтөбе облысында – 47,
Алматы облысында - 92,
Жетісу облысында - 123,
Атырау облысында - 73,
Шығыс Қазақстан облысында - 27,
Абай облысында - 48,
Жамбыл облысында - 94,
Батыс Қазақстан облысында - 56,
Қарағанды облысында - 355,
Ұлытау облысында - 30,
Қостанай облысында - 59,
Қызылорда облысында - 81,
Маңғыстау облысында - 40,
Павлодар облысында - 66,
Солтүстік Қазақстан облысында - 41,
Түркістан облысында - 30.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 341 265 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1409 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 565,
Алматы қаласында - 647,
Алматы облысында - 9,
Жетісу облысында - 53,
Атырау облысында - 12,
Абай облысында - 16,
Жамбыл облысында – 19,
Қарағанды облысында - 32,
Қызылорда облысында - 19,
Маңғыстау облысында - 23,
Павлодар облысында - 3,
Түркістан облысында - 11.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 305 043 адамға жетті.
Сондай-ақ 28 шiлдедегi мәлімет бойынша, 22 748 адам коронавирус инфекциясынан (–22 556+ және 192 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
25 адамның жағдайы ауыр,
14 пациенттің жағдайы өте ауыр,
7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.